2020 жылы ӘМСҚ медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 1,2 млн кемшілікті анықтады – Б.Төкежанов
2020 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 1,2 миллионнан аса кемшілікті анықтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

Мониторинг көрсеткендей, ең көп таралған бұзушылық (60%) – бұл көмек көлемінің жасанды өсуі. Келесі кезекте – есеп құжаттарын қате толтыру – бұл барлық жайттың 15%-ы, ал емдеу және диагностика шараларын орындау барысында стандарттар мен клиникалық протоколдардан негізсіз ауытқу – 9,6%. Сондай-ақ, науқастардың диагнозын жасанды қиындату, ауруханаға жатқызбау немесе медициналық көмек көрсетпеу, қызметтер мен дәрі-дәрмектерді «берілді» деп жалған толтыру жайттары кездеседі. Медициналық ұйымдар айыппұлының жалпы сомасы 9,2 млрд теңгеден асады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша ӘСМҚ 21 мыңнан астам қызметтің шын мәнінде орындалмағанын анықтады, олардың жалпы құны 290,9 млн теңгеге (экономикалық шараларды ескергенде) жетеді. Оның ішінде амбулаториялық-поликлиникалық көмек, кеңес беру және диагностика қызметтері деңгейінде – 167 млн теңге сомаға 20 122 кемшілік.
Биыл Қор сапаны бақылау жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Медициналық қызметтерді көрсету тәртібі мен пациенттердің құқығын бұзуға әкеп соғатын жағдайлар мен себептерді анықтау және алдын алуға бағытталған проактивті мониторинг енгізіледі.
Бұдан былай кемшіліктер анықталған жағдайда қызметті ұсынушы қорытынды шығарылған сәттен бастап 45 күнтізбе күні ішінде анықталған кемшіліктерді жойып, орындалмаған міндеттерді орындауы тиіс. Әйтепесе, аталған мерзім өткен соң айыппұл салынатын болады.
Қорда атап өткендей, бұл өзгерістер медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, қызметті ұсынушылармен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
«Медициналық ұйымдардың басшылары берілген мүмкіндікті пайдаланып, кемшіліктерді жойып, пациенттерді қолдау және сапаны сараптау қызметтерінің жұмысын күшейтуі тиіс. Орта медицина қызметкерлерінің медициналық құжаттарды дұрыс толтыруын, сонымен бірге дәрігердің тағайындауларын уақытылы орындауын жүйелі түрде тексеріп, сараптама жүргізіп отыру қажет», – дейді ӘМСҚ басшысы.
Қор пациентттердің құқығын қорғауға мүдделі, сондықтан халықтан медициналық қызметтің сапасыз орындалуы немесе орындаудан бас тарту жайттарын кері байланыс арналарының бірі арқылы хабарлауды сұрайды – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-боты, fms.kz ресми сайты және 1406 байланыс орталығы.
«Мамандар әрбір шағымды қарастырып, шара қолданады. Мысалы, былтыр Қорға пациенттердің 214 шағымы түсіп, 78 рет қызмет көрсетілмегені расталды, нәтижесінде медициналық ұйымдарға 5 млн теңгеден астам сомада айыппұл салынған», – деп атап өтті Болат Төкежанов.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу