8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2021 1563 0
Қоғам

ДЕПУТАТТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ӘР СӘБИГЕ 4,2 МЛН. ТЕҢГЕ ТӨЛЕУДІ ҰСЫНДЫ

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда аналық капитал енгізіп, дүниеге келген бала үшін 4,2 миллион теңге төлеуді ұсынды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

«ЮНИСЕФ зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы балалардың 15,6 пайызы жағдайы өте төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Яғни, елімізде 1 миллион бала кедейлікте өмір сүріп келеді. Отандық ғалымдардың зерттеуінше, көпбалалы болу кедейліктің факторына айналып барады. Мәселен, тұрмысы төмен қазақстандықтардың 80 пайызының отбасында 5 және одан көп адам бар. Статистика бойынша, Қазақстанда көпбалалы 340 мың отбасы бар», – дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов.

Оның сөзінше, бір, екі немесе үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әке көмекке мұқтаж болса да әлеуметтік қолдау көрсететін топқа кірмейді. Ал, мұндай отбасылардың саны елімізде жарты миллионнан асуы мүмкін. Олардың басым бөлігі – жалғызбасты аналар.

«Билік түсінуі керек, балалардың кедейлікте өмір сүруі ертең мемлекетті кедейлікке ұшыратады. Сәбилердің денсаулығына, білім алуына ерте салынған инвестиция болашақта саналы, бақуатты ұрпақтың өсуіне негіз болады. Бізде қазір балаға салынатын негізгі инвестицияның бәрі ата-ананың қалтасынан төленеді. Алайда, оның пайдасын көретін – мемлекет пен қоғам», – деді депутат.

Ол премьер-министрден ана мен балаға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек түрлерінің бәрін қайта тексеріп, пысықтап және оған баға беруін сұрады.

«Елімізде аналық капиталды енгізу қажеттілігі туындап тұр. Ол бойынша мемлекет Қазақстан азаматтарына дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге беруі тиіс. Бұл қаражат отбасының баспана мәселесін реттеуіне немесе баланы оқытуға, ананың зейнетақы жинағына жұмсалуы керек», – деді Е.Смайылов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»