8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Наурыз 2021 1365 0
Қоғам

БАСПАНА КЕЗЕГІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН – депутаттардың ұсынысы үкіметке жолданды

Мүгедек балаларды тәрбилеп отырған отбасыларға баспана кезегінде пәтер алу басымдығы берілуі мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.

«Депутаттар ұсынған бірқатар норма аясында тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесі де қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыға баспананы өтеусіз жекеменшікке аудару, бұдан бөлек, асырауға алынған бала қайтарылса, баланы баспана кезегіне қайта тұрғызу ұсынылды», – деді Асылова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға баспана алу басымдығын беру жоспарланып отыр.

«Осы нормалардың барлығы жұмыс топтарында талқыланып, үкіметтің қарауына жіберілді. Қазіргі кезде барлық норманы құзіретті мемлекеттік органдар қарап жатыр», – деп атап өтті Асылова.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдар барлық ұсынысты қарап, өз сараптамасын береді. Соның негізінде дайын құжат қайтадан парламент мәжілісіне енгізіледі.

Айта кетейік, осы өзгерістер балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу аясында қолға алынып отыр.

https://sputnik.kz/society/20210302/16433769/baspana-kezegi-deputattar.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»