БҚО-ДА ЕКІ АЙ ІШІНДЕ 22 АДАМ ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ
2021 жылдың алғашқы екі айында облыс аумағында 38 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың деңгейінен 19 пайызға аз. Дегенмен зардап шеккендер былтырғы жылдың деңгейінен 44 пайызға көбейген. Бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңесте жол қауіпсіздігі мәселелері қозғалды.

– 2021 жылдың басында жағымсыз статистика орын алып отыр. Екі айдың ішінде жол апаттарынан 22 адам көз жұмды. Қаза болған жандардың тума-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, – деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасының басшысы Ж.Нұрмағамбетова атап өткендей, комитет 2011 жылдан бастап жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді. Аварияларды азайту мақсатында 2013 жылы «Авариялар картасы» құрылды. Картаның мақсаты – мүдделі органдарға авариялар туралы ақпарат беру. Картадан көп авария болған трассалар, ауылдар, көшелер туралы деректер алуға болады. Бұл қауіпті маршруттар бойынша анализ жасауға көмек береді.
– Жалпы, статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда жол-көлік оқиғаларының динамикасы және оқиғалардан зардап шеккендер саны азайып келеді. 2020 жылы 2018 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 12 пайызға азайды (385 – 338). Десек те, Теректі, Жаңақала және Қаратөбе аудандарында жол-көлік оқиғаларының айтарлықтай өсуі байқалады. Бұдан бөлек бір учаскелерде апаттың бірнеше рет орын алуы жалғасуда. Бұл ретте апатқа себеп болатын жағдайлар толығымен жойылмағанын көрсетеді, – деді Жанат Жандоллақызы.
Авариялар картасындағы деректерге сүйенсек, 2020 жылы Орал қаласындағы Абай даңғылында – 11, Жәңгірхан көшесінде – 9, Мұхит көшесінде – 6, Н.Назарбаев даңғылында – 7 жол-көлік оқиғасы орын алған. Жалпы өткен жылы қала аумағында 230 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 264 адам зардап шеккен, олардың 24-і көз жұмған. Халықаралық және республикалық маңыздағы автожолдарда 61 жол-көлік оқиғасы тіркелді, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды 47 оқиға орын алған. Басқарма басшысының сөзінше, былтыр 43 жол-көлік оқиғасы немесе әр екінші апат демалыс және мейрам күндері орын алған.
Самара-Шымкент автожолында – 14, Орал-Атырау автожолында 16 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Самара-Шымкент автожолы бойынша 302-390 шақырымы аралығы (9 ЖКО), 264-279 шақырымы аралығы (4 ЖКО) апат көп тіркелетін аумақтар болып отыр. Өткен жылы бұл жолдағы оқиғалар кезінде 23 адам жарақат алып, 5 адам көз жұмған. Ал Орал-Атырау автожолында 235-272 шақырым аралығы (5 ЖКО), 112-155 шақырым аралығы (4 ЖКО) және 36 шақырым (2 ЖКО) апат көп орын болатын аумақтар. Осы жол аралықтарында орын алған апаттардан 20 адам жарақат алып, 9 адам көз жұмған.
Биылғы жылдың екі айында Орал-Атырау автожолына 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олар 10-шақырымда, 259-шақырымда орын алған. Салдарынан 14 адам көз жұмды, 10 адам жарақат алды. Самара-Шымкент бағытындағы жолда 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (247 шақырым және 307 шақырым), екі адам қайтыс болған.
Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі күндізгі уақытта орын алған. Мәселен, өткен жылы 215 жол-көлік оқиғасы күндіз болса, 50 оқиға түнде тіркелген, кешкілік уақытта 57 жағдай орын алған.
Сондай-ақ Жанат Нұрмағамбетова биылғы жылдың деректерін де келтіріп өтті. Осы жылы жол-көлік апатының саны былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төмендеген. Нақтылап өтсек, былтыр 47 оқиға тіркелсе, биыл 38 оқиға орын алды. Бірақ зардап шеккендер 44 пайызға көбейіп отыр. Оның ішінде 79 адам жарақаттанған. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 59 оқиға болған. Өкінішке орай, қайтыс болғандар екі есеге артты. 2020 жылы 11 адам көз жұмған болса, биыл 22 адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болды. Оның 15-і – ер адам, 7-еуі – әйел.
Жүргізушілердің кесірінен 29 оқиға, жаяулардың кесірінен 4 оқиға орын алды. Мас күйде 5 жол көлік апаты жасалған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
сурет архивтен алынды
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу