БҚО-ДАҒЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА «ЭКО МЕКТЕП» ЖӘНЕ «ЭКО БАЛАБАҚША» ЖОБАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту мақсатында Орал қаласы және аудан мектептері мен балабақшалары барлығы 30 білім беру мекемелеріне «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобалары енгізілді.

Экологиялық білім – бұл білімнің бөлігі емес, қазіргі білім беру процесінің жаңа мәні мен мақсаты. Сондықтан экологиялық білім беру, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бүгінгі күні бірінші орынға шығады.
Экологиялық білім мен тәрбиенің өзектілігін ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму қазақстандық күн тәртібінің бірінші жоспарына шығады. Мектептер мен ЖОО-ларда өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеуде тиісті назар аудару қажет» деп растаған болатын. Осы мақсатта білім беру үдерісін экологияландыру міндетін шеше отырып, білім басқармасы бірыңғай экологиялық білім беру кеңістігін құрды.
– ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту мақсатында Орал қаласы және аудан мектептері мен балабақшалары барлығы 30 білім беру мекемелеріне «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобалары енгізілді. Жобаға қатысушы мектептер мен балабақшалар экологиялық кеңес құрып, мектептер «Өсімдіктер әлемі және топырақ», «Жануарлар әлемі», «Ауа», «Су», «Табиғатты пайдалану әліппесі» және мектепке дейінгі ұйымдар «Экологиялық кітаптармен танысу», «Жануарлар әлемінде», «Экологиялық ойындар», «Шығармашылық», «Табиғатты зерттеушілер (барлаушылар)» бағыттары бойынша жұмыстануда, – деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жоба нәтижесінде жас ұрпақтың қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің әртүрлілігі туралы білімдерін кеңейтіп, білім алушылардың экологиялық мәдениетінің деңгейін мектепке дейінгі ұйымдардан бастап көтеріп, «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобаларына енетін білім беру мекемелерінің қатары өседі деген сенім бар.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу