НАУРЫЗДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты. Наурыздың басында жауын-шашын, жел, тұман және көктайғақ болады деп болжанды. Бірақ көктемде еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады.
Синоптиктер Қазақстанның көп өңіріне көктем уақытылы келетінін айтты. Олардың айтуынша, наурыздың басында тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр түрінде, солтүстік жартысында жаңбыр мен қар түрінде түседі деп болжанды.
Қазақстан бойынша бірінші онкүндікте ауа температурасында ауытқу байқалады. Еліміздің солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы оң мәндерді көрсетеді, оңтүстік жартысында +10…+15 градустан 0…+7 градусқа дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3… -10 градустан -1…+6 градусқа дейін», – деді «Қазгидромет» өкілдері.
Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, тек елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында нормаға сай болады деп болжанды. Жалпы Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық температура нормадан жоғары болады.
«Наурызда Қазақстанның басым бөлігінен циклондар және Иран жылы ауа массалары өтуіне байланысты ауа температурасы жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан бір градусқа жоғары, тек солтүстік-батыста нормаға сай болады. Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі өзгеруіне байланысты ауа температурасы құбылмалы болады. Температурадығы айырмашылық 10 градус немесе одан да көп болуы мүмкін», – деп қорытындылады синоптиктер.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу