Көшедегі қате-қате жазылатын баннерлерге қатысты ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Парамент Мәжілісінің жалпы отырысында көшедегі баннерлерді қатесіз жазуға қатысты заң жобасы қабылданды.
Заң «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.
Заң жобасының негізгі бағыттары:
1. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу;
2. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің теңтүпнұсқалы аудармасын (аутентичность) сақтап отырып жазу;
3. «Мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы» деген ұғым енгізу.
Көрнекі ақпарат құралдары (баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, баға көрсеткіштері және т.б.) елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды құралдар болып саналады. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасыз жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің теңтүпнұсқалы аудармасын сақтап отырып жазу талабы қоғамда екі тілде (қазақ және орыс тілдеріндегі) берілген мәтіндердің мағыналық, мазмұндық жағынан сәйкес келмеуі фактілерін жоюға бағытталып отыр, – деді Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
Министрдің айтуынша, көрнекі ақпаратты ашық кеңістікте және ғимараттар ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен қатар кез келген кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік субъектілері көрнекі ақпаратты өз өнімі мен қызметін ілгерілету құралы ретінде пайдаланады.
Мемлекеттік органдарға азаматтардан көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шағымдар көптеп түсіп жатыр. Осы орайда мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың болмауын азаматтар ҚР конституциясының 14-бабында бекітілген өз құқықтарына қысым жасау деп санайды, – дейді ол.
Көрнекі ақпаратқа қатысты заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға 2018 жылы – 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш келіп түскен. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны – 3442-ні құраған.
Аталған проблемаларды шешу мақсатында заң жобасы аясында Қазақстан Республикасының 13 заңнамалық актісіне түзетулер енгізу көзделіп отыр.
Күтілетін нәтиже:
– мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта міндетті түрде қолданылуын қамтамасыз ету;
– деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазуды қамтамасыз ету;
– мәтіндердің екі тілде теңтүпнұсқалылығын сақтап жазуды қамтамасыз ету.

BAQ.KZ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу