8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Ақпан 2021 1333 0
Қоғам

МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПРОЦЕСІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Бұл мәселе бүгін, 23 ақпанда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыс әкімінің орынбасары А.А.Алпысбаевтың қатысуымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы және мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобалар, соның ішінде мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алудың автоматтандырылуы мәселесі талқыланды. Нақтырақ айтқанда, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алуды автоматтандыру қаралды.

БҚО облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысы м.а. П.С.Лежников бұл мәселе бойынша зерделеу жүргізіп, ұсыныстар енгізетінін айтты.

БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Жүнісова тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алуды автоматтандыру жұмыстар жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша аталған тәжірибені өңірімізде жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»