ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОНЛАЙН АУДАРЫМДАР ҮШІН САЛЫҚ ТӨЛЕЙ МЕ?..
Ақша аударымдарының фискализациясына қатысты қаржы министрлігінің түсініктемесінде бұл тек – бизнес жүргізетіндерге ғана қатысты екендігі айтылған.
«Қолданыстағы мобильді банктік қосымшалар қолма-қол ақшадан «қолма-қол емес» режимге өтуге серпін берді. Жеке тұлғалардың мұндай аударымдары әкімшілік жауапкершілікке жатпайды және салық салынбайды», – делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство өкілдері банктердің жеке онлайн аударым сервисін қызмет көрсететін кәсіпкерлер де пайдаланатындығын атап өткен.
Табысқа салық салу ережесі – тап осы кәсіпкерлерге қатысты барлық мәліметтер қорытынды есеп беруде көрініс табатын болады.
«Шағын бизнес 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған. Бүгінгі таңда қабылданған шешімдердің бірі – сатылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін түсетін төлемдерді кәсіпкерлік қызметке арналған жеке шотта жүргізу болып табылады», – делінген хабарламада.
Министрлік сонымен қатар коммерциялық операцияларды дәл анықтай алатын тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуды ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкіметке мобильді қосымшалар арқылы ақша аударымдарын алатын кәсіпкерлерге салық салуды толығымен жүзеге асыру міндеті жүктелген болатын.
Қазіргі кезде ірі қазақстандық банктердің бірінің клиенттері картаға бекітілген телефон нөмірі арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар жасайды. Аударымдар ешбір комиссиясыз жүзеге асырылады. Ал мұндай төлемдер жеке мақсаттар үшін де, такси, тамақ, шаш қию, көлік жуу және тағы басқа қызметтердің ақысы ретінде жүргізіледі.

https://sputnik.kz/economy/20210221/16344707/Onlayn-audarym-salyq-ministrlik.html
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу