БҚО-ДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСАДЫ
Бұл туралы бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтты.

2020 жыл қазақ халқының ұлы тұлғаларының атаулы даталарымен есте қалды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой құрметіне Еуразия даңғылы – Абай даңғылы болып өзгертілді. Ақын Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойларына орай республикалық ақындар айтысы өтті. Жұбан ақынның ескерткіші қойылып, Ақжайық ауданында «Жұбан орталығы» ашылды.
Өңір басшысы өткен жылы облыста 20 мәдени нысан жөнделгенін атап өтті. Жаңақала ауданы Жаңажол ауылындағы жаңа 150 орындық мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілсе, Теректі ауданының Жаңа Өмір ауылында 300 орындық, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылындағы 150 орындық Мәдениет үйлерінің құрылысы жалғасуда.
– Ақжайық жұртшылығы мен зиялы қауымның көптен сұрап жүрген 900 орындық концерт залы бар Өнер Сарайының құрылысы жүргізілуде. Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Жайық қалашығы» мен «Хан Ордасы» музей-қорығы бойынша жобаларды іске асыру жоспарымыз бар. Сондай-ақ биыл Хан Ордасы ауылының туристтік әлеуетін арттыру мақсатында ауылдың кіреберіс жолын жөндеу басталады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Сонымен қатар биыл даңқты әнші-композиторлар – Мұхит Мерәліұлының 180, Қапан Мусиннің 100, Базарбай Жұманиязовтың 85 жылдығы. Республикалық деңгейде Сейтек пен Динаның 160 жылдығын, Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығын атап өту жоспарда. Сондай-ақ Әбубәкір Кердерінің 160 жылдығы, Марабай жыраудың туғанына – 180 жыл. Облыс басшысы Ғали Есқалиев облыстық мәдениет басқармасына аталған мерейтойлық даталарға орай мәдени шараларды ұйымдастыруда тағылымдық мәніне баса мән беруді тапсырды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу