8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 1495 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА БИЫЛ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН БЕРУ БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы бүгін, 20 ақпан күні  халықпен онлайн есептік кездесуінде облыс басшысы Ғали Есқалиев мәлім етті. 

Өткен жылы облыста жалпы ауданы 529 мың шаршы метрді құрайтын 4838 пәтер пайдалануға берілді. Соның ішінде кезекте тұрғандарға арналған 527 пәтер,  көп пәтерлі отбасыларға арналған 53 пәтер ұсынылды. 2021 жылы кезекте тұрғандарға Орал мен Ақсай қалаларында 1126 пәтер, ауылдық жерлерде 640 пәтер салу жоспарланған.

Облыста тұрғын үйге сұраныс жоғары. Азаматтардың Орал қаласында салынып жатқан көппәтерлі түрғын үй құрылыстары туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасысз ету үшін www.uralsk.smartmap.kz веб-сайты жасақталды. Дәл осындай сайт енді Ақсай қаласы бойынша дайындалмақ. 

Биыл көктемде Орал қаласында «Ақжайық» шағынауданының құрылысы басталады. Есептік жиында облыс басшысы инвесторларды әлеуеті жоғары жаңа шағынауданда құрылыс жүргізуге шақырды.

– Екі жергілікті инвестор бар және басқа өңірлердің құрылыс компаниялары өтініштерін білдірді. Әлеуеті жоғары жаңа шағынауданда құрылыс жүргізу үшін инвесторларды жер алуға шақырамын. Барлық рәсімдер ашық, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының www.aqjaiyq-spk.kz ресми сайтында барлық мәліметтер бар. Сондай-ақ биыл жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 1800-дей жер уческесі берілмек. Олар – Қаратөбе, Федоровка және Круглоозерный ауылдары аумағынан берілетін болады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»