БЕС ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
18 ақпан күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде өткен жиында кеңес мүшелерінің назарына бес жаңа инвестжоба ұсынылды.

«КазАрмапром» ЖШС кеңес мүшелеріне газ поршенді электр станциясы құю цехының құрылысы жобасын таныстырды. Зауыт Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңына жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 20 мың тонна машина құрылысына қажеттілікті өтеуге қуатты болады деп күтілуде. Компания өкілі Артур Латыповтың мәліметінше, инвестицияның жалпы көлемі 46 000 000 000 теңгеге жоспарланған. Бұл жобаның өңірімізде іске қосылуы импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.
Зауыт құрылысын жүргізуде 200, іске қосылған жағдайда 400-дей адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазіргі уақытта компания тарапынан жабдықты жеткізушілермен келісім жасалып, болашақ өндірістің негізгі параметрлері анықталған. Енді зауыт құрылысы жоспарланып отырған Белес ауылы маңынан учаске бөлу үшін Бәйтерек ауданы әкімдігімен жұмыстар жүргізіліп, Deloitte консалтингті компаниясынан алынған қорытынды негізінде «KazakhInvest» АҚ арқылы инвесторлар іздестірілуде.
Осы орайда жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нан заем алу және «BaiterekVentureFund» тікелей инвестициялық қаржы тарту бойынша жұмыстар басталған. Сондай-ақ мемекеттік қолдау қажет. Атап айтқанда, Белес ауылы маңында инфрақұрылым тартылған жер учаскелері жоқ. Бұл алаңды бөлу және жобалау жұмысын бастауды едәуір кешіктіреді. Кеңес мүшелерінің талқылауынан соң жобаның маңыздылығы ескеріліп қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.
«ULP» АҚ ауылшаруашылықтық өндіріс-өткізу агроөнеркәсіптік жобасын ұсынды. Бұл – Теректі ауданы аумағында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және ұсақ, ірі қара малға жем дайындаудан бастап, сүт және ет өнімдерінің өндірісі. «ULP» АҚ төрағасы Василий Балакировтың айтуынша, жобаны биылдан жүзеге асырған жағдайда табиғи қалыппен төрт жылдан соң 4700 бас ірі қара, 2000 сиыр және 2700 бас генетикалық және етті бағыттағы мал болады деп күтілуде. 2000 сиырдан 25 литрден күніне 50 000 литр сүт өндіріледі. Жылына орта есеппен 450 келі есебімен 1600 ірі қара союға жіберіледі. Қазір бизнес-жоспар дайындалып, қаржыландыру бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілген. Инвестицияның жалпы көлемі – 20 млрд.теңге. Қазіргі уақытта 5000 гектарлық жер бар, жобаның толық қуаттылығы үшін қосымша 5000 гектар жер және зауыт құрылысы үшін 200 гектар жер учаскесін бөлуден мемлекет қолдауы қажет.
Теректі ауданында жүзеге асырылуы жоспарланған тағы бір жоба – керамзит қиыршық тасын шығаратын зауыт құрылысы. Құны – 2,5 млрд. теңге. Бұл зауыт құрылыс үшін жылына 200 мың текше метр өнім өндіреді.
«FOOTBALL KIDS URALSK» жеке кәсіпкерлігі Орал қаласында балалар футболын дамытуға ниетті. Инвестициялық жобаның құны – 118 млн. теңге. Кәсіпкерлік иесі басшысының орынбасары Т.Ізтілеудің сөзінше, бүгінде 0,04 гектарлық, яғни 40х10 өлшемді алаң салуға орын бар, дегенмен аумақты 48х25 өлшемге ұлғайту үшін қосымша жер учаскесі қажет. Сондай-ақ нысанға инфрақұрылым тарту бойынша қолдау күтіледі.
Инвесторлық кеңесте қолдау тапқан жобалардың қатарында Қазталов ауданында жүзеге асырылатын балық өсіру агроөнеркәсіптік кешенін ұйымдастыру жобасы. Оған қоса кешенде ірі қара, құс өсірілмек. Инвестициялық жобаның құны – 200 млн. теңгеге есептелген.
Жиынды қорытындылаған облысы басшысы Ғали Есқалиев ұсынылған әр жобаның маңыздылығын атап өтті. Бұл жобалардың жалпы құны 70 млрд. теңгеге жуық. Осы жобалардың іске қосылумен 700-ден астам жұмыс орны ашылады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу