8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2018 2817 0
Без рубрики

ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ Қ.ҚОЖАҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

31 қазан күні  Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ерекше дауыс иесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Қанатқали Қожақовтың «Жылдар-ай» атты шығармашылық концерті өтті. 


Концертте Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетов, БҚО әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі дирижері Асхат Хасанов, Орыс халық аспаптары оркестрі дирижері Айгүл Жұмашеваның сүйемелдеуімен әуелетіп ән шырқаған тамаша дауыс иесі Қанатқали Қожақов көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 

Шығармашылық кеште  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов, Халықаралық конкурстардың лауреаты Ақсұлу Жұмалиева, республикалық конкурстардың лауреаты Алтынбек Оразов, Қ.Қожақовтың шәкірті «Вокалдық өнер» мамандығының IV курс студенті Гүлдана Габдуллина да өз өнерлерін көрсетті.
Жиналған өнер сүйер көрерменге Қанатқали Қожақов өзінің «Жылдар-ай», «Домбыра», «Арман-Астана», «Ауылым алтын бесігім», «Калитка», «Коробейники», «Арманым едің», «Жайық қызы», «Наз қоңыр», «Ауылым» т.б көптеген әуезді әндерін ұсынды.


Шара соңында БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев кеш иесіне алғыс білдіріп, шығармашылығына табыс тілеп, ықылас гүлін табыстады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»