ХАДИША БӨКЕЕВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Сайтта театрдың тарихымен, басшылық, шығармашылық, техникалық құраммен танысып, тағы басқа бөлімдерді қарауға болады.

– Заман талабына сай ресми сайт ашу қажеттілігі туындап отыр. Жаһандық пандемия да цифрландырудың ақсап тұрғанын көрсетті. Өнерде көшіміз ілгері болып, әлемдік деңгейге шығу үшін цифрландырудың маңызы зор. Сайтты іске қосу онлайн жұмыстың қарқынды жүруіне әрі көрерменге тағы біртабан жақындауға мүмкіндік береді. Ақпарат заманында бәсекеге қабілетті болуымыз шарт. Елімізде көптеген театрдың сайты бар. Сайттан кез келген оқырман театрдың тыныс-тіршілігімен танысып, мониторинг жүргізге алады. Ресми сайт шығармашылық құрамға да үлкен жол ашпақ. Сайт мемлекеттік тілде ашылып отыр. Болашақта орыс және ағылшын тілінде де жүйе енгізіледі. Ал өзге елдегі қандастарымыз үшін араб әліпбиіне негізделген төте жазумен де берілмек. Алдағы уақытта қолға алынатын «3D тур» ғимаратты виртуалды аралауға мүмкіндік береді, – дейді театр директоры Салтанат Абулгазиева.
Айта кетейік, сайтты «Joomla!» жүйесінде «TORUS.KZ» ЖШС дайындады. https://khadisha-theatre.kz/kk/ мекенжайы бойынша кіріп, сайтпен танысуға болады. Сайтта театрдың facebook, instagram, youtube әлеуметтік желідегі парақшаларына сілтеме көрсетілген.
Мұнымен қоса сайтта автоматттандыру жүйесі іске қосылады. Яғни актерлар құрамы бөлімінде әр актердың алдағы уақытта қай рөлді ойнайтынына сілтеме, қойылым бөлімінде рөлдегі актердың өмірбаянымен таныса аласыз. Болашақта «Онлайн билет» батырмасы арқылы https://ticket07.kz/ сайтына өтіп, театрға үйден отырып-ақ билет сатып алатын мүмкіндік туады.
Динара НАСЫР,
Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ақпарат бөлімінің жетекшісі
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу