8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2021 1380 0
Қоғам

ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ Ю.ИЛЬИННІҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

2021 жылғы 17-18 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

17 ақпанда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен бірге «Уральскагрореммаш» акционерлік қоғамның тауарлары мен қызметтерінің өндірісі және ассортименттерімен танысты. Оның қатарында автоцистерналар, сыйымды-құйылмалы техника, өрт техникасы, тез тұрғызылатын ғимараттарға арналған металл конструкциялары бар.

Бұдан кейін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында БҚО ТЖД жедел жағдай және 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша облыс аумағында орналасқан ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс сапарының екінші күні Министр Ақсай қаласындағы модульді өрт сөндіру бөлімінің құрылысымен танысты, сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевпен бірге өңірдің бірнеше елдімекендерін аралап, аумақтағы өрт қауіпсіздігі саласын дамыту үшін өрт деполарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Осы мәселелерге қатысты жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»