8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2021 1291 0
Қоғам

Пандемиядан кейін ЖЕТІ ЖЫЛДАН СОҢ ЕС ЖИЯМЫЗ

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев пандемиядан кейін қалыпты өмірге оралу жеті жылдан кейін болады деп есептейді. Оның айтуынша, вакцинаны өндіру және тарату біркелкі жүрмей жатыр. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының сюжетінде айтылды. 

Бүгінде вакцинациялау қарқыны бойынша жетекші ел Израиль болып тұр, онда халықтың шамамен 40 пайызы вакцина салдырды. Келесі — Ұлыбритания. Үшінші орында — АҚШ.

Дамушы елдердің көбі әлі вакцинациялауға кіріскен жоқ, деп атап өтті Досаев. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 13 мыңнан аса адам вакцина салдырды.

«Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, вакцинацияның қазіргі қарқынымен әлем халқының 75 пайызын қамту және қалыпты өмірге қайтару үшін жеті жылдан аса уақыт қажет болады. Жаһандық қор нарықтары қаңтарда пандемияның қайта өршуі мен вакцина таратылуының кешігуіне байланысты экономика баяулауы мүмкін деген қорқынышпен төмендеді», — деп мәлімдеді Досаев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»