8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Ақпан 2021 1682 0
Өзек

ЖҰМЫС ІЗДЕГЕН ТӨРТ АЗАМАТ АЛАЯҚТЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Батысқазақстандық төрт азамат атыраулық 29 жастағы арудың аляқтық әрекетіне тап болған. 

Бұл азаматтар жоғары жалақысы бар жұмысқа орналасып, отбасылық бюджетті жақсартуды мақсат тұтқан. Алаяқ олардың осы мақсаттарын өз пайдасына ұтымды пайдалануды көздеген. Whatsapp мессенджері арқылы ол жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасуға үміткерлермен хат жазысқан. Сөйлесе келе сыйақы ретінде өз шотына ақша аударуды ұсынады. Осылайша, азаматтардан жалпы сомасы 370 мың теңгені иемденіп алыпты. Бұл 2019 жылы болған жағдай екен. Арада бір жылдан астам уақыт өткенімен жұмыс болмаған. Әрі алданып қалғандарын, ол қыздың алған ақшаны да қайтарып беру ойында жоқ екенін пайымдаған жігіттер полицияға жүгініпті. 

Қабылданған шаралар барысында БҚО Полиция Департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аталған алаяқтық әрекеттерді жасаған 1991 жылғы С. есімді атыраулық азаматша екенін анықтады. Сондай-ақ оның  осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін қазірдің өзінде Атырау облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінң мәліметінше, тұрғындарға сан мәрте ескерту  жүргізілгеніменмен, интернет-аляқтығының құрбанына айналғандар азаймай тұр. Жыл басынан бері облыста 80-нен аса интернет-алаяқтықтың орын алғаны тіркелген.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
105 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
59 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»