ОРАЛДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АТ СПОРТЫ БӨЛІМІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Бұл туралы бүгін, 16 ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуде қала әкімі Абат Шыныбеков мәлім етті.

Еліміздегі ең алғашқы саябақтардың бірі, бүгін де оралдықтардың және қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған қалалық мәдениет және демалыс саябағын дамыту жұмыстары жоспарымызда бар. Жоба аясында дендрологиялық төлқұжат жасақтау, ойын алаңын, субұрқақты жөндеу сияқты жұмыстар қарастырылған. Сондай-ақ бұл саябаққа биыл жеке инвестициялық жоба аясында «Алтын Шаған» атты шолу шеңбері орнатылады.
Былтыр қалада Шаған өзенінің жағалауында «Арқанды саябақ» ашылған болатын. Саябақта спорттық туризмге арналған жеті кезеңді кедергілер орнатылды. Қала әкімі бұл орынның да қала тұрғындарының серуендейтін, туристік және спорттық жарыстар өткізетін демалыс орнына айналады деген сенімін білдірді. Сондай-ақ жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлеріне үйрететін жаңа бөлім ашылатынын хабардар етті.
– Биыл қалада жасөспірімдерге арналған ат спорты бөлімін ашамыз. Бөлімде ұлттық спорттың 4 түрінен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін болады. Олар – аударыспақ, көкпар, жамбы ату, теңге ілу. Үйірмеде 9-16 жас аралығындағы 300 жасөспірім жаттығуға мүмкіндік алады, – деді Абат Абайұлы.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу