А.ШЫНЫБЕКОВ: «ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ»
Биылғы жылы Оралда жалпы құны 9,8 миллиард теңге болатын 29 жоба іске асырылады. Бұл туралы бүгін халықпен онлайн есептік кездесуде қала әкімі Абат Шыныбеков мәлім етті.

– Инвестициялық жобалар – дамудың маңызды тетігі. Биыл іске асатын 29 инвест жоба арқылы негізінде 591 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында жиһаз фабрикасының құрылысы («Квант» ЖШС), сүт зауытының құрылысы (Uralsk Trade Company), «Омега sports» спорт кешені сияқты жобаларды атауға болады. Кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қолдау, несиелендіру арқылы олардың санын арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға, бюджетке түсімдерді көбейтуге мүмкіндіктер бар, – деді Абат Абайұлы.
Сондай-ақ қалада жергілікті «Көше саудасына 100 орын» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген үлгіде жер учаскелері ұсынылуда. Ол жерлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тазартылған су, шұжық өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөністер сату қызметтерін жүргізетін бір типті дүңгіршектер қызмет көрсетеді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу