Елімізде маңызды өнімдердің бірі НАУРЫЗДА ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Қазақстанда күнбағыс майының бағасы 20 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Сатушылар онсыз да қымбат өнім наурыз айынан бастап өз құнын тағы да арттырады деп болжап отыр.
Сатушыларға күнбағыс майының құны 20 пайызға өсетінін дилерлер алдын ала ескертіп қойған екен. «Біз бағаны шарықтатып жатқан жоқпыз. Бізге солай әкеліп жатыр. Литрі 500-600 теңгеге келеді, мен 650 етіп қоямын. Бізге 10 наурызда тағы қымбаттайтынын айтты», – дейді сатушы Гүлнәр Нұрымова. Ал тұрғындар болса, онсыз да бағасы шарықтап тұрған күнбағыс майын сатып алуда үнемдеуге мәжбүр болып отырғандарын жасырмайды. «Мен ең төменгі зейнетақыны аламын. Мен өзіме бес литр күнбағыс майын 4500 теңгеге сатып ала алмаймын. Үнемдеуге тура келеді. Десе де жетпей жатады», – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Балкенже Бошаева.
Тараз қаласының тұрғындары да бағаның көтерілгенін айтып отыр. Мұнда күнбағыс майының бір литрі 700 теңгеге дейін жеткен. Сол себепті, тұрғындар әлеуметтік дүкендерді жағалауға мәжбүр. «Мұнда зейнеткерлерге сәл де болса қолжетімді – литрі 420 теңге. Алайда бір адамға бір литрден артық сатпайды», – дейді Тараз қаласының тұрғыны Гүлшат Сейдахметова. Ал шенеуніктер болса, бағаны ұстап тұру оңайға соқпай жатқанын алға тартты. Әлеуметтік дүкендер тұрақтандыру қорынан келген өткен жылдың өнімдерін сатып отыр екен. Алайда олар да бір күні таусылары анық. Мамандар жазда барлық дүкендерде баға бірдей болады деп болжап отыр. Ал әкімдіктегілер бағаның қымбаттауын құрғақшылықпен, егіннің азаюымен байланыстырды. «Күнбағыс дәнінің тоннасы бұған дейін шамамен 80 000 теңге болса, қазір тоннасына 180-170 000 теңгеге дейін қымбаттады. Бұл ауа райы жағдайымен, егіннің азаюымен байланысты», – дейді Жамбыл облысы ауылшаруашылығы басқармасының өкілі Марс Сейдыбаев.
Еліміздің солтүстігінде де күнбағыс майының бағасы екі есеге өскен. «Бұл кімге керек? Бағаны қайда шарықтатып жатыр? Біздің Солтүстік Қазақстанда жалақы төмен емес пе – 70-80000 ғана алады. Бұл ақшаға қалай күн көреді?», – деп күйінді кәсіпкер. Елде күнбағыс майы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында өндіріледі. Өңдеушілер өз өнімдерінің қымбаттауының екі себебін атайды: Дәннің қымбаттауы және олардың экспорты. Қазірдің өзінде тапшы шикізат шетелге кетіп жатыр. «Бұл басты мәселе. Біз бұл мәселемен Ауылшаруашылығы министрлігіне жүгіндік, олар бізді қолдамайды. Олар экспорттау керек деп санайды. Ал біз шикізатты емес, қосымша құны бар тауарларды, яғни дайын өнімді экспорттау қажет деп ойлаймыз», – дейді Өскемен май зауытының қаржы директоры Татьяна Костина.
Алайда отандық өнім шетелде бәсекеге түсе ала ма, жоқ па деген сұрақ туындайды. Мамандар не істеу керектігін шешкенге дейін тұтынушының үнемдеуді жалғастырудан басқа амалы жоқ. Тіпті маңызды өнімнен де үнемдеуге тура келеді.

kaz.nur.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу