8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 1487 0
Қоғам

БИЫЛ ОРАЛДА 50 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

50 ауланың жаңғыртылуы –  2021-2023  жылдарға арналған Орал қаласындағы аулаларды кешенді абаттандыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақ. Аулаларды абаттандыруда тұрғындардың ұсыныс беруге мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін, 16 ақпан күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков халықпен онлайн есептік кездесуде айтып берді. 

– Биыл біз қаладағы аулалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілін анықтайтын бағдарламаны бастадық. Бұл  – 2021-2023 жылдарға арналған Орал қаласындағы аулаларды кешенді абаттандыру бағдарламасы. «Есту мемлекеті» тұжырымдамасы шеңберінде тұрғындардың аулаларын кешенді жақсартуды жобалау және жүзеге асыру әдістемесін жасауға қатысу идеясын жүзеге асырамыз. Ол үшін тұрғындардың ауланы абаттандыруға бірігуге деген ұмтылысы қажет және uralsk.smartmap.kz сайтында бағдарламаға қатысуға өтініш беруге болады. Биыл осы бағдарламаға сәйкес 50 аула абаттандырылады, аулалар мен шағынаудандарда 20 көпсалалы спорт алаңдары салынады, – деді қала әкімі.

Қазіргі таңда қалада 54 тынымбақ пен алаң бар. Биыл С.Датов көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы тынымбақ құрылысы аяқталады. Жәңгір хан көшесінен қаланың орталық аудандарына дейін велосипед және жүгіру жолын, қалалық мәдениет және демалыс саябағынан бастап Шаған өзенінің бойымен Исатай-Махамбет көшесіне дейін жаяу жүру аумағын салу жоспарда.

Сондай-ақ  Омега көпірінің астындағы қоғамдық кеңістік абаттандырылады. М.Мөңкеұлы көшесі бойындағы тынымбақты абаттандыру аяқталады. Бұл тынымбақты абаттандыру аясында жүгіру жолын салу да қарастырылған.

Сонымен қатар биыл қаладағы мәдениет және демалыс саябағы негізінде «Саябақтар мен алаңдар дирекциясын» құруды жоспарланған. Қала әкімінің  айтуынша, дирекция қаладағы қоғамдық кеңістіктерді мақсатты пайдалануды жүзеге асырады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»