ОРАЛДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САЛУ ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ – А.ШЫНЫБЕКОВ
Халықпен онлайн есептік кездесуде Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков тұрғын үйлер құрылысы қарқыны бәсеңдемейтінін айтты.

Қазіргі таңда қалада 21 мыңға жуық азамат тұрғын үйге кезекте тұр. Биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Оларда – 1226 пәтер болады. Жетеуі «Отбасы» банкі арқылы ұсынылатын, үшеуі – арендалық үйлер.
– Шаһарымызда биыл жеке инвестициялар есебінен жалпы көлемі 72 мың шаршы метрлік тұрғын үй салынуда. Биыл да тұрғын үйлерді салу қарқынын бәсеңдетпейміз, – деді қала әкімі
Оралда апатты үйлер мәселесі де шешілуде. Бұл мемлекет пен жеке бизнестің серіктестігі арқылы жүзеге асуда. Ескі үйлер сүріліп, орнына жаңасы бой көтереді. Қала басшысының мәліметінше, қазір жоба аясында үш тұрғын үй салынуда. Биыл апатты үйлердің орнына тағы бес үйдің құрылысы басталады.
Сондай-ақ Абат Шыныбеков тұрғындарға әлеуметтік қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылысы жүріп жатқан үйлер бойынша әлеуметтік маңызды жобалар дайындалғанын жеткізді.
– Орал – тұрғындарға қолайлы қала болуы қажет. Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлының тапсырмасына сәйкес, шаһардың көпшілік аудандарын бірте-бірте орталықтанған дамуға көшіру жоспарлануда. Тұрғындарды қадамдық қолжетімділік аясында әлеуметтік қызметтермен қамтуға көңіл бөлеміз. Қалада құрылысы басталған 6 үйдің 1-ші қабатын қадамдық қолжетімділік қағидатымен еркін орналастыру үшін жобалар жасақталды. Яғни, құрылысы аяқталған соң бұл тұрғын үйлердің бірінші қабатында мектепке дейінгі ұйымдар, емхана, полиция пунктері, сауда аумақтары болады деген сөз. Бұдан бөлек, жаңадан салынатын Ақжайық шағын ауданындағы 15 үйдің 1-ші қабатында еркін орналастыру қарастырылған, – деді шаһар басшысы.

zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу