БЕС ЖЫЛДЫҚТЫҢ БАҒДАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы фракция отырысында «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бес жылға арналған Жол картасы талқыланып, саяси кеңес бюросында бекітілді. Дүйсенбі, 15 ақпан күні партияның облыстық филиалы төрағасы – облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің төрағалығымен өткен фракция отырысына онлайн форматта облыстық басқарма басшылары мен аудандардағы партия филиалдары төрағаларының орынбасарлары қатысты. Жол картасы 7 бағытты қамтитын 92 іс-шарадан тұрады. Құжатта әр шараның орындалу мерзімі, жауапты тұлғалар айқындалған.


Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының депутаттары әр өңірде, қала мен ауданда сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс» деп айтқан болатын. Осы орайда сайлауалды бағдарлама халықпен, оның ішінде шалғай елдімекен тұрғындарымен жан-жақты талқылау нәтижесінде жасақталды. Халықпен кездесулер кезінде облыс тұрғындарынан 2000-нан астам аманат жинақталған. Олардың 40 пайызы аймақтың сайлауалды бағдарламасын бекіту кезінде ескеріліп, нақты жоспар ретінде Жол картасына еніп отыр. 2021-2025 жылдар аралығына жоспарланған бұл іс-шаралар – республикалық, облыстық, қала және аудандық деңгейде шешілетін мәселелер.
Аманаттардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, қаланың шеткі аумақтарына әлеуметтік нысандарды салу, қоғамдық көліктердің қозғалысы, интернеттің жылдамдығын арттыру мәселелеріне байланысты. Сонымен қатар білім, денсаулық сақтау салалары бойынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүдделеріне қатысты, ауызсу, ауыл шаруашылығы бағытындағы аманаттар бар. Осы орайда 7 басым бағыт айқындалған. Жол картасы шеңберінде 177 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Ауыл халқының ауызсумен қамтылуын 100 пайызға жеткізу мақсатында 136 елдімекенге сумен жабдықтау желілерін тарту және қайта құру жоспарлануда. 800 шақырым автожолдың сапасы жақсартылып, 3,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады.
Партияның облыстық филиалы төрағасы Ғали Есқалиев Жол картасының жүзеге асуы мен оның орындалуын бақылау партияның мүшесі саналатын әр депутаттың міндеті екенін атап өтті.
– Бүгінде тұрғындарды мазалап жүрген басты сұрақтардың бірі – газдың жоғары тарифі және Жайық өзенінің таяздануы. Жол картасында бұл мәселелерді шешудің нақты шаралары қарастырылған. COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау саласы үшін күрделі мәселе болып тұр. Қазіргі уақытта облыста тар шеңберлі мамандардың тапшылығы байқалады, ауруды ерте анықтау мен тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтуда мәселелер бар. Сондықтан келешекте саладағы басты басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен нығайтуға бағытталатын болады. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымдылықта оқытуды жою үшін 23 мектептің құрылысы жоспарланды. Партия өңір тұрғындарының үміттерін қанағаттандыру үшін қажетті шараларды қабылдайды, халықтың барлық топтарының мүдделерін жеткізуде халық пен үкімет арасындағы дәнекер рөлін атқарады, – деді партияның облыстық филиалы төрағасы Ғали Есқалиев.
Жол картасында 20 көрсеткіш, 7 даму басым бағыты бойынша 92 іс-шара айқындалған. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Т.Каюповтың мәліметінше, бес жылдың ішіндегі сайлауалды бағдарламаның бюджеті 2 трлн. 765 млрд. теңгені құрайды. Басым бөлігі – жеке қаражат есебінен. Бұл – 2 трлн. 228 млрд. теңге. Болжам бойынша республикалық бюджеттен – 370 млрд. теңге, жергілікті бюджет есебінен 165 млрд. теңге бағытталады.
Фракция жетекшісі Мұрат Мұқаев Жол картасы бойынша әр депутат іс-шаралар жоспарының орындалуы және қадағалануы бойынша жұмыстанып, орындалу барысы туралы есебін беретінін айтты. Осы бағыттағы жұмысты атқаруда депутаттар жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек.
Сонымен қатар облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев депутаттарды халық үшін өзекті мәселелердің шешілуіне үн қосуға шақырды. Бұл орайда әр депутат тұрғындарды мазалап жүрген мәселелерді ескере отырып, ұсыныс енгізуі және сол бағытта жұмыстануы тиіс.
Жиында сондай-ақ облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу