8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 1277 0
Дені сау ұлт

ҚАЗАҚСТАН «СПУТНИК V» ВАКЦИНАСЫН РЕСМИ ТІРКЕУГЕ АЛДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Сараптама комиссиясы Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қауіпсіз, сапасы мен тиімділігі жоғары деген қорытынды шығарды. Яғни, Қазақстан ресейлік “Спутник V” вакцинасын тіркеген 27-інші ел. Бұл мәліметті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. 



Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусқа қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеудің бекітілген қағидаларына сәйкес Сараптама комиссиясы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының, медицина, биология, микробиология, иммунология және эпидемиология саласындағы медициналық және бейінді ұйымдардың мамандары мен сарапшыларынан, сондай-ақ биоэтика жөніндегі орталық комиссияның өкілдерінен құрылды.

2021 жылғы 15 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ДЗСҰО-ның 2021 жылғы 13 ақпандағы қорытындысы негізінде Гам-КОВИД-Вак вакцинасына тіркеу куәлігін берді.

“Вакцинаны тіркеу нәтижесінде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін халықты жаппай вакцинациялауға және ұжымдық иммунитет қалыптастыру процесін жеделдетуге мүмкіндік туады”, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
125 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
303 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»