РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАННАН 504 ОҚУШЫ ӨТТІ
8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді, оған облыс бойынша 4645 оқушы қатысты. Ірікітеуден 500-ден астам оқушы өтіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №45 «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында 2021 жылғы 8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиада өңірдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, 8 ауданда офлайн және 4 ауданда онлайн тәртібінде жаратылыстану-математикалық циклі және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілді.
Математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, өзін-өзі тану пәндері бойынша жалпы 4645 оқушы алғашқы кезеңде бңлңм деңгейлерін сарапқа салды. Оның ішінде аудан мектептерінен – 3014, Орал қаласы мектептерінен – 1346 және облыстық мектептерден – 285 оқушы қатысты.
Оқушылардың олимпиадаға қатысуы кезінде барынша қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау zoom платформасы пайдаланылды. Олимпиаданың әрбір қатысушысының сканерленген, шифрланған жұмыстары, барлық тапсырмалардың дұрыс шешімдері «Дарын» өңірлік орталықтарының сайтында және олимпиада өткізілетін орындарда жарияланды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысушылар тізімі анықталды. Ағымдағы жылдың 22 ақпан-3 наурыз аралығында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 504 оқушы қатысатын болады. Олимпиада аудан мектептері оқушылары үшін аудан орталықтарында, облыстық және Орал қаласы мектептері оқушыларына Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің базасында офлайн режимінде өтеді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу