БАЛАЛАРДЫ ҰРҒАН ТӘРБИЕШІГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
БҚО-да балабақшада балаларды ұру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оралдағы балабақша тәрбиешісінің бөбектерді ұрғаны дәлелденсе, жауапқа тартылуы мүмкін. Қазір бұл істі полиция тергеп-тексеруде. Баласы жәбір көрген ата-аналар, тәрбиешіні қатаң жазалауды талап етіп отыр.

Бұл – былтыр күзде бейнебақылау камерасына түсіріп қалған кадр. Видеода тәрбиешінің бөбектерді желкесінен түртіп жүргені байқалады. «Кейін ол шектен шықты» дейді ата-аналар. Балаларға зәбір көрсетуді жиілеткен. Мәселен, Наталья Кофейникова баласының бойынан өзгерістердің байқалғанын айтады.
– Балам тұйық болып кетті. Не болғанын сұрасам, «апайымыз ұрады» деп әрең айтты. Айтуынша, бір баланы дәретханаға қамап қойған. Енді біреуін қараңғы бөлмеде ұстапты. Сұрастыра келгенде сегіз баланы ұрғаны анықталды, – дейді Наталья Кофейникова.
«Страна чудес» балабақшасында тәрбиленіп жатқан ұлын Ирина Изгилова бөбекжайдан баласын өзге орталыққа ауыстырып алыпты.
– Ұлыма лазерлі қолшамның жарығын түсіріпті. Мұны өздерінше ойын ретінде түсіріп, алдарқатуға тырысыпты. Кейін басқа балабақшаға барған балам «мұнда бізді ұрмайды» деп қуана айтып келді, – дейді Ирина Изгилова.
Осыдан кейін ата-аналар балабақша меңгерушісінен мән-жайды анықтамақ болады. Бірақ мұнысынан нәтиже шықпаған. Амалы таусылған ата-аналар балаларын басқа балабақшаға жаппай ауыстыруға мәжбүр болыпты.
Қалалық білім беру бөлімінің мамандары түсінік жұмыстарын жүргізіген. Ашуға мінген ата-аналар болған оқиға ізімен полицияға арызданыпты. БҚО Полиция департаментінің аға инспекторы Диляра Сатарова қазір осы шағым негізінде қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
– Абай полиция бөлімімен Қылмыстық Кодекстің 140-шы бабы, 2-ші бөлімі бойынша «Кәмелет жасына толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін» қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат айтылмайды,- деді ол.
Тәрбиешісі істі болған балабақша меңгерушісінің қазір телефоны өшірулі. Ата-аналарға уатсап желісі арқылы, жәбір көрген балалардың тобы жабылғанын хабарлаған. Ал тағылған кінә дәлелденсе, жауапты тұлғалар 161 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ата-аналар болса, тәрбиешінің жұмыстан қуылуын талап етіп отыр.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу