ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ҚОЛЖЕТІМДІ
26 мыңнан астам батысқазақстандықтың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндігі бар. Олар қаражатты тұрғын үй алуға немесе белгіленген басқа да мақсатқа пайдалана алады. Осы орайда өңірде тұрғын үйлер құрылысы туралы ақпараттың көпшілік үшін қолжетімді болуы маңызды. Бұл мәселе бүгін, 12 ақпан күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында қозғалды.

Бұған дейін облыс басшысы Ғали Есқалиев қала әкімдігіне шаһарда салынып жатқан тұрғын үй құрылыстары туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін ғана емес, үй алуды жоспарлап жүрген өзге де азаматтар үшін мұндай ақпараттың ашықтығы маңызды.
– Біздегі мәлімет бойынша 3000-ға жуық қор салымшысы жинақтарынан 10 млн. теңгеден астам қаражатты ала алады. 6 мыңдай салымшының 3-10 млн. теңге аралығындағы қаражатты алуына мүмкіндігі бар. Олардың бәрі тұрақты жұмыс орны бар мамандар, тұрақты бизнесі бар кәсіпкерлер екені түсінікті. Сондықтан бұл азаматтардың үйді басқа облыстардан емес, біздің өңірден таңдағаны жергілікті атқарушы орган үшін маңызды. Сол себепті қай жерде, қандай тұрғын үйдің салынып жатқаны туралы ақпарат қолжетімді болуы керек, – деді Ғали Есқалиев.
Былтыр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шаһарда 7 көпқабатты үй салынып, 1251 пәтер берілді. Одан бөлек жеке инвестиция есебінен 37 көпқабатты үй салынған. Олардың 10-ы – тоғыз қабатты, 16-сы – бес қабатты, 2-уі – төрт қабатты, 9-ы – үш қабатты үйлер.
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың мәліметінше, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және КПО б.в қаражаты есебінен 10 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда. Олар – Зашаған кенті мен қаланың солтүстік-шығыс аумағында бой көтеруде. Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Олардың жалпы аумағы 285 мың шаршы метр деп есептелген.

– Қаладағы үй құрылыстары uralsk.smartmap.kz сайтында бар. Геоақпараттық порталда әр жыл бойынша құрылыс туралы ақпарат орналастырылған. Коммерциялық тұрғын үйлердің мекенжайлары, құрылыс жүргізуші мердігер, неше қабатты үй, қанша пәтер болатыны туралы деректер, аяқталу мерзімі және пәтерлердің эскизі көрсетілген. Биылғы жылы салынып жатқан 30 көпқабатты үйді порталаға толық енгіздік, – деді Абат Шыныбеков.
Бұл сайт 2020 жылы іске қосылған болатын. Аталмыш сайттан «Отбасы» банкі мен «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» сайттарына өту арқылы үй алу шарттарымен танысуға, жинақтағы қаражатты есептеуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ сатылатын пәтерлер бойынша тұрғын үй нысандарының әкімшілігіне шығу үшін байланыс телефондары көрсетілген.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы қаңтар айында қол қойған «Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы» заңға сай тұрғындар жас ерекшеліктеріне байланысты жинағының бір бөлігін алдын ала алып, өзінің немесе туысының баспана мәселесін шешуге, ипотекалық несиені жабуға және емделуге жұмсауға құқылы. Болжам бойынша 26 мыңдай облыс тұрғынының қорға жинақталған қаражаттары белгіленген шектен жоғары. Оның ішінде 6800 адам – 3-10 млн. теңге аралығында, 2874 салымшы – 10 млн. теңгеден жоғары қаражатты жинағынан шешіп ала алады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу