2023 жылға қарай мұғалімдер ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ға ӨСЕДІ
2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өседі, – бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатқан фракцияның кеңейтілген отырысында айтты.
Күн тәртібінде Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасы талқылануда.
Еліміздегі барлық балаға жақсы тәрбие мен сапалы білім алуға бірдей жағдай жасалады. Әр баланың құқығының қорғалуына кепілдік беріледі. 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады, – деді Үкімет басшысы.
Мамин отырыста айтқандай, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажетті басқа да жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай екі есеге, яғни 330 мың теңгеден артады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайызға өседі, – деп атап өтті ол.
2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100% қамтылады.

https://baq.kz/news/othernews/2023-zhylga-karay-mugalimder-zhalakysy-tagy-25-ga-osedi/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу