«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ
Жоба аясындағы облыстың жалпы білім беру ұйымдарында жоспарланған шаралар туралы бүгін, 12 ақпан күні фейсбуктағы БҚО білім басқармасының BQO BILIM News парақшасындағы тікелей эфирде басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева айтып берді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін атап өтті. Бұл тапсырманы орындау үшін «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделген. Бастауыш сынып оқушылары үшін рухани құндылықтарды, оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында үзілістер арасында ертегілерді оқу ұйымдастырылып, нәтижесінде оқырмандар конференциясы оздырылады.
– Жоба шеғберінде облыстағы жалпы білім беру ұйымдарында кітап оқуды қолдау және беделін арттыру мақсатында негізгі буын білім алушылары арасында «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» атты оқырмандар акциясы өткізіледі. Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Қызықты кітаппен демалыс» оқырман марафоны жоспарланды. Сондай-ақ «Оқы және өзгеге сыйла» атты Bookcrossing кітап алмасу бойынша арнайы орындар ұйымдастырылып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдайды, – деді Айгүл Әділгерейқызы.
Осы жоба аясында отбасылық оқуға арналған кітаптар тізімі жасақталып, қазіргі уақытта READx book «Өзің оқы және басқаларға ұсын» жобасы бастау алды. Оқуға тарту үшін ерте жастан бастап отбасымен бірге «Бір отбасы – бір кітап» атты оқырмандар акциясы ұйымдастырылады. Облыстың барлық кітапханаларында жерлес жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Әдеби Ақжайық» жобасы, «Әкеммен кітап оқимын» инста-акциясы, «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы» байқауы жүзеге асырылуда.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу