ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА АРНАЛҒАН «Б» ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ
ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарласа, «Б» жоспары дайын екенін екенін айтты, деп хабарлады zakon.kz.

Бүгін, 12 ақпан күні «Nur Otan» партиясы фракцияның кеңейтілген отырысында парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин экономика министрінен резервтік жоспар туралы сұрады.
– Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысында ШОБ 31,7 пайызды құрады. Алдын ала мәлімет бойынша 2020 жылы – 28,5 пайыз. Бұл орайда, сұрақ жоқ, түсінікті, шағын және орта бизнестің төмендеуі коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларының әсері. Бірақ, сайлауалды бағдарламада 2025 жылға 35 пайызға көтеру туралы нақты көрсетілді. Егер 28,5 пайыздан десек, бұл 6 пайыз. Біз коронавирус пандемиясы әлі қандай боларын білмейміз, экономика қанша уақытта қалпына келетінін білмейміз және кедергі келтіретін жаңа теріс факторлар болатынын да білмейміз. Партиямыздың төрағасы және мемлекет басшысы бізде «Б» жоспары болуы керек екенін айтты. Егер біз қандай-да қосымша соққыларға тап болсақ, сіздерде қосымша әрекет жоспары бар ма? – деп сұрады Н.Нығматуллин.
Сұраққа жауап берген Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлаған жағдайға жоспар бар екенін атап өтті. Оны үкімет Ұлттық банкпен және қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген.
– «Б» жоспары халық пен бизнеске қажетті қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жедел антициклдық шаралар жиынтығын қамтиды. Егер коронавирустың таралуы, мұнай бағасының жоғары құбылмалылығы және басқа да сыртқы жағдайлар сияқты факторлар болса, жоспар іске қосылады, – деп түсіндірді министр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу