БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ
Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қаладағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жол қозғалысы мен қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыруды Тұрғын үй коммунаЛдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Бұл бағытта жол қозғалысын ұйымдастыру, жолды реттеу, абаттандыру, тазалау, суарудың техникалық құралдарын ұстап тұру және көше-жол желілерін ұстап тұрумен байланысты басқа да жұмыстар атқарылуда.
Осындай бірлесе атқарылатын іс-шаралардың түйінін қою, өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылау, алдағы келелі міндеттерді нақтылау мақсатында 11 ақпанда басқарманың ғимаратында келелі жиын өтті. Жиынға Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, «Жайық жарығы» мен «Жайық Таза Қала» ЖШС-інің басшылары, өзге де құзырлы мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы – полиция подполковнигі Нұрбол Меңдіханов қала ішіндегі жол белгілерінің орнатылуы, жол-көлік апаттарының алдын алу бағытында бірлесе шешімін табатын мәселелерге тоқталды. Мәлімдеуінше, облыс орталығының 3 қиылысына, атап айтқанда Назарбаев даңғылы – Ықсанов көшесі, Абай даңғылы – Құрманғазы көшесі және С.Датов көшесі-Гагарин көшелерінің қиылыстарына Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеудің автоматты жүйесі орнатылған. Маневрлеу қағидасын бұзу салдарынан – 33 жол-көлік оқиғасы тіркелген, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту қағидасын бұзу бойынша – 26 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 1 адам көз жұмып, 25-і түрлі дәрежедегі жарақат алған. Десек те, бірлесе жұмыстану нәтижесін беріп, 2020 жылы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қаланың коммуналды қызметтерінің орындаған жұмысы қалада жол-көлік оқиғалары санының азаюына маңызды үлес қосты.
Осыған байланысты келелі жиын соңында Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары – полиция подполковнигі Жантемір Иманалиев «Жайық жарығы» ЖШС-інің директоры Жанқабыл Қарлыбайұлына, «Жайық Таза Қала» ЖШС-інің директоры Ринат Саматұлына, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жандос Асқарұлына Орал қаласында жол қозғалысын ұйымдастыру, қауіпсіздіктің алдын алу, қаланың көркейіп және қала тұрғындарына қауіпсіз орта ұйымдастыру жұмыстарына үлес қосқандары үшін алғыс айтып, Орал қаласы Полиция басқармасы бастығы – полиция подполковнигі Мердан Айкеновтің атынан «Алғыс хат» табыстады.
Жиын соңында Орал қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары – полиция подполковнигі Жантемір Иманалиев, Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы – полиция полполковнигі Нұрбол Меңдіханов, Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы – полиция майоры Айбек Асабаев аталмыш ЖШС басшыларымен келешекте де ынтымақтаса жұмыстанып, барлық кәсіби шеберліктерін туған қаламыз Орал шаһарының әрі қарай дамуына жұмсайтындарына сенім білдірді. Мердігер серіктестік басшылары алдағы жоспарлардың сәтті орындалатынын айтты.
Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Версия для печати
Пікір үстеу