ОРАЛДАҒЫ ДҮКЕНДЕРДЕ БІР АПТАДА БІРНЕШЕ ҰРЛЫҚ ТІРКЕЛДІ
Кейінгі кездері ұрлықшылар азық-түлік ұрлауға бел шешіп кіріскен. Полиция департаменті баспасөз қызметкерлері таратқан ақпараттарға сүйенсек, дәл осы ойға нақты көз жеткіземіз. Ай басталғалы сауда сөрелеріндегі тауарлардың ұрлануына қатысты бірнеше іс тіркеліп үлгеріпті.

Мәселен, 1 ақпан күні сағат 12.00 шамасында «Жеңіс» шағынауданында тұрған автокөліктің салонынан қораптағы тұшпара жоғалған. 32 жасар қала тұрғынына 15 мың теңге шығын келген. БҚО ПД қызметкерлерінің қабылдаған шаралар арқылы күдікті ретінде 37 жастағы оралдық азамат ұсталды. Енді ол тұшпара үшін жауапқа тартылмақ.
Ал Орал қаласы Полиция қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 ақпанда сағат 16.05 шамасында 1983 жылғы К. есімді азамат «Аяжан» сауда үйіндегі сөреден салмағы 10 келіні құрайтын мейіз ұрлап шыққан. Саудагер 1976 жылғы А. есімді 1976 жылғы азаматшаға 11 мың теңге материалдық залал келген. Тәртіп сақшыларының құрығына түскен күдікті ұрлық жасағанын толықтай мойындаған. Әрі күдіктінің бұған дейін де бірнеше мәрте қылмыс жасағаны анықталды. Осы ретте 4 эпизодты ұрлық фактісімен іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.
Бұдан бөлек 1961 жылғы Ж. есімді азамат 7 ақпан күні Кердері көшесіндегі дүкен қоймасынан 15 келі жеміс-жидекті алып кеткен. Дүкен иесіне 35 мың теңге шығын келді деп есептелді. Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол ұрлық жасағанын толықтай мойындап отыр.
1994 жылғы азамат Құрманғазы көшесіндегі дүкен сөресінен құны 14 мың теңге болатын «Джэк-Дэниелс» маркілі 1 литрлік вискиді алып кеткен. Абай даңғылындағы супермаркеттердің бірінен кофе ұрланған. Күдікті ретінде бұрын сотты болған 1982 жылғы азамат ұсталды. Строитель көшесіндегі дүкен сөресінен 10 дана «Киндер» шоколады қолды болған. Полиция қызметкерлері тәттіқұмар К. есімді 37 жасар азаматты күдікті ретінде ұстап отыр.
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-ші (ұсақ ұрлық) және 188-баптарымен (ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу