СПОРТ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН
Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығымен айналысып жүрген екі топтың қылмыстық әрекетін әшкереледі. Осы және басқа да қылмыстар туралы Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы Роман Дүйсеғалиев халықпен кездесу барысында айтып берді. Есеп беру кездесуіне облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов қатысып, кездесуден кейін азаматтарды қабылдады. Бас полицейге 7 азамата сауалдарымен жүгінді.

Бас полицейге жолыққан тұрғындар мал ұрлығы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қозғап, жолдың сапасына көңілдері толмайтындарын айтты. Сондай-ақ ауылдың бір тұрғыны қаңғыбас иттердің ауылда қаптап жүргені туралы айтып, тиісті шара қабылдауды сұрады.
Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы Роман Дүйсеғалиевтің мәліметінше, Қаратөбе ауданындағы спорт мектебінің екі жаттықтырушысы алдын ала келісіп, ауыл тұрғындарының малдарын ұрлаған. Сондай-ақ осы ауданның ағалы-інілі ағайынды екі жігіт мал ұрлығымен айналысып жүрген. Кінәлі адамдарға қатысты сот шешімі шығарылған.
– «Жұртқа жақын полиция» қағидаты және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы бойынша маңызды қадамдардың бірі – полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру, тұрғын халықпен өзара тығыз байланысты жұмыс істеу, азаматтардың арыз-шағымдарына уақтылы ден қою. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің тиімді жұмыс атқаруына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Биыл қазынашылық кәсіпорнының бос тұрған ғимараты Полиция департаментінің теңгеріміне алынды. Енді осы ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, жаңа заманауи технологиялармен жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары бейне тіркегіштермен жарақталатын болады. Бүгінгі күні аудан аумағында 9 бейне қадағалау камерасы бар, олардың көмегімен 110 құқық бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 2-еуі қылмыстық құқық бұзушылық болса, 108-і әкімшілік құқық бұзушылық сипатында болып отыр, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу