8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2021 1223 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖҮРСІН ЕРМАННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

Бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін иегері, ақын Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына арналған «Ұлытаудың ұлымын» атты әдеби-сазды кеші өтті. Шараны аталмыш орталық пен Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бірлесе ұйымдастырды. 

Қазақ поэзиясында ірілердің ізімен жүріп, інілік ізетін көрсете жүріп, өзі де ірілердің қатарына қосылған апайтөс ақындардың бірегейі, базары қайнаған әдебиет әлеміндегі өз орны бар, 40 жылдай асыл өнер – айтыстың көшін өрге сүйреп, биік белеске жеткізген қайраткер, бүгінде 70 жасқа толып отырған Жүрсін Ерманның шығармашылығы өнерсүйер қауымның әрдайым назарында.

Әдеби-сазды кештің ашылуында сөз сөйлеген Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық филиал директоры Бауыржан Халиолла айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, жүргізушісі, ақын Жүрсін Ерманның шығармашылығына тоқталды. Мерейтой иесінің поэзиядағы, журналистикадағы, қоғамдағы ерекше орынын әңгімеледі.

Карантин талаптарына сай өткен әдеби-сазды кеште Жүрсін Ерманның сөзіне жазылған әндерді белгілі өнер иелері Ернар Өмірәлі, Әділ Ахметов, Ақылбек Какимов, Диана Тюлешева нақышына келтіріп орындаса, жалынды жырларын Айнабек Бисенғалиев, Эльдар Ихсанов, Бекболат Қаленовтер жатқа оқыды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»