БҚО ӘКІМІ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ CALL-ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ
Бүгін, 8 ақпан күнгі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі облыстық жедел штабтың отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев медициналық мекемелердегі қауырт желінің тиісті деңгейде кеңес бермейтінін сынға алды.

– WhatsApp нөміріме медициналық ұйымдардың call-орталықтарына қатысты шағымдар жиі түседі. Осы шағымдарға байланысты облыстық әкімдік аппараты қызметкерлері тексеріс жүргізді және халыққа тиісті деңгейде кеңес берілмейтіні расталды. Мәселен, 28 қаңтар түнгі 22.30-да инспекторлар 109 қызметіне хабарласты, кеңес берушілер түнгі уақытта компьютерлік томографиядан өтуге қатысты сауалға жауап бере алмады. stopcovid.kz сайтында облыстық және қалалық көпбейінді ауруханаларда компьютерлік томография қызметі тәулік бойы көрсетілетіні жазылған. Алайда, stopcovid.kz-те және ауруханалардың өз сайттарында көрсетілген call-орталық нөмірлері жауап бермеді. Автожауапбергіш қана қосылып тұр. Яғни, түнде компьютерлік томография жасатқысы келгендер сайтта көрсетілген нөмірлерге түсе алмады. Дәл сол сияқты 29 қаңтарда күндізгі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы емханаға жолығуды ұсынды. Облыстық көпбейінді ауруханасы телефонға мүлде жауап бермеді. Қалалық көпбейінді ауруханада оператор орнында болмады. №2 және №4 қалалық емханаларға да хабарласу мүмкін болмады, – деген облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтан бұл келеңсіз жағдайларға түсінік беруді сұрады.
Арман Қалибеков атап өткендей, денсаулық сақтау басқармасының 24-00-06 call-орталығы өткен жылдың тамызында жедел штабтың шешімімен 109 қызметіне берілген. Ол сағат 8.00-ден 20-00-ге дейін жұмыс жасайды. Қалалық емханалар да сағат 8.00-ден 20-00-ге дейін қызмет көрсетіп, кеңес береді.
– Ал облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қатысты мәселені шештік, телефондарды жаңарттық. Медициналық ұйым жанында COVID-19 бойынша пациенттерге кеңес беретін 21-15-16 қауырт желісі жұмыс жасайды. Сондай-ақ пациенттердің туысқандары үшін арнайы сағат 16.00-18.00 аралығында хабарласу уақыты ұйымдастырылды. Осы уақытта олар емдеу дәрігерінен туыстарының жағдайы туралы біле алады. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ресми сайтында әр корпустың телефоны көрсетілген. 1 корпус – 21-03-00, 2 корпус – 21-14-22, реанимация бөлімі – 21-07-22. Жаңа модульдік ауруханадағы әр блок бойынша да телефондар сайтқа орналастырылды. Қалалық көпбейінді аурухана жоспарлы негізде жұмыс жасайды, сондықтан COVID-19 бойынша мұндағы call-орталығы әзірге жұмыс жасамайды, – деді Арман Талғатұлы.
Сондай-ақ облыстық аурухана мен аудандық медициналық мекемелердегі телефондар жаңартылып, stopcovid.kz сайтына орналастырылған. Облыс әкімі call-орталық жұмысын жүйелі ұйымдастырмаған ауруханалар мен емхана басшыларын шара қолдануды тапсырды.
– Адамдар ауырғанда уайымға түседі. Компьютерлік томографияға түсу бойынша қызмет алу үшін кеңес берушілерді іздеп ұйымдарға хабарласады. stopcovid.kz сайтында көрсетілген телефондар жұмыс жасамаса, жауап бермесе, ондай қызметкерлердің қажеті қанша? Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан сайтта көрсетілген ақпараттарға толық жауап беретін қызметкер бекітілуі керек, – деді облыс басшысы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу