8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2021 1419 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА БІР АПТАДА 42 ОҚУШЫДАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бұл мәселе бүгін, 8 ақпан күні БҚО әкімі Ғ.Есқалиевің төрағалығымен өткен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі облыстық жедел штабтың отырысында қозғалды.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық бағалау матрицасында облысымыз «сары» аймақ деңгейінде. Бірақ, әлі қауіп сейілген жоқ. Соңғы аптада аурушаңдықтың 600-ден астам жағдайы тіркелді. Инфекция көп жағдайда жұмыс жасайтындардың санатынан анықталып отыр. Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор бойынша қызметкерлердің  80 пайызы онлайн жұмыс жасауға көшуі тиіс. Алайда, мемлекеттік қызметшілердің  қатарынан ауру жағдайлары тіркелуде. Зейнеткерлер, оқушылар мен мұғалімдер, дәрігерлер арасында да ауру жиі тіркеліп отыр. Бір апта ішінде 42 оқушының және 16 мұғалімнің инфекция жұқтырғаны анықталған.

– Бұрын мектепте 1 жағдай тіркелсе, сол оқушы оқитын сынып қана карнтинге жабылатын. 8 ақпанда шыққан қаулыға сәйкес, балабақшада немесе мектепте симптоматикалық белгілермен 1 оқиға тіркелсе, білім ұйымы толықтай 14 күнге карантинге жабылады. Бұл – соңғы шара. Өйткені кейінгі уақытта мұғалімдер мен оқушылар арасында аурушаңдық көбейіп тұр, – деді Мұхамғали Арыспаев.

БҚО бойынша Орал қаласында аурушаңдық дерегі көп. Бұдан бөлек Бөрлі, Бәйтерек, Ақжайық, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында ауру дерегі азаймай тұр.

1-8 ақпан аралығында облыста коронавирустық инфекцияның 643  жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте,яғни 8 ақпан күні инфекция 51 адамда анықталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»