8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2021 1712 0
Өзек

БҚО-ДА ӨЗЕН ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛІП, ЖОЛДЫ СУ ШАЙДЫ

Бүгін, 8 ақпан күні Батыс Қазақстан облысындағы Рубежка өзенінің деңгейі көтеріліп, уақытша пайдаланылудағы жолды шайып кеткен. Бұл туралы БҚО ТЖД хабарлады.  

Өзен деңгейінің көтерілуіне  3-6 ақпан аралығындағы қар мен жаңбырдың жаууы, күн райының жылынуы әсер еткен.

Бәйтерек ауданы Рубежинский ауылының шетіндегі негізгі көпір өткен жылдың қыркүйек айыннан бері күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстарының қосалқы мердігері – «АНУШ» ЖШС. Негізгі көпірдің жөндеуге орай жабылуына байланысты көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылған. Өзен деңгейінің  көтерілуі осы ені 6 метр, ұзындығы  30 метр метір болатын айналма жолдың бір бөлігінің  үгілуін тудырған. Бұл жағдай туралы құзырлы органдарға бүгін, 8 ақпан күні сағат кешкі 19.00 шамасында ақпарат түскен.

Оқиға орнына БҚО ТЖД басшылығы барды. Жағдай бақылауда. Қазіргі уақытта өзен арнасы түсуде. Төтенше жағдай департаментінің өкілдері елдімекендерді су басу қаупі жоқ екенін мәлім етті.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
102 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»