8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2021 1686 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ – ЖАҢА ҚАУЛЫ

Бүгін, 8 ақпан күні БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев №5 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді. 

Қаулы мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің  38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының  2, 3, 4, 7-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысының аумағында келесі шектеу шаралары енгізілсін:
  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, бильярдтың, компьютерлік және ойын клубтарының, батут орталықтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің қызметіне, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне тыйым салу;

– театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындықтарда бір мезгілде 30 адамнан аспайтындай етіп, келушілермен отыратын орындар санының 20% аспайтын толтырумен)  рұқсат етіледі;

– InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті тіркелумен, бетперде режимін, шахмат тәртібі бойынша отырғызуды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысына (бұдан әрі – №67 ҚР БМСДҚ) 9-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, 20% аспайтын толтырумен кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етіледі».

  • коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз.

«Қашықтықтан» жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу.

4) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау арқылы қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, жеке және кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 (бес) адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, ашық ауада қоғамдық орындарда медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде және арнайы ХҚКО-ның жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері  сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға баруды Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;
  • оқушыларды оқытуға рұқсат беру:

– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;

– сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға;

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12 сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту).

Мектепке баратын балалар немесе қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін мектептің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері 2020-2021 оқу жылының II семестрінен бастап санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқытуға көшірілсін.

ЖОО/колледждерге баратын студенттер немесе қызметкерлер арасында COVID-19  ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін факультеттің/бөлімшенің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

7) мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын бөлмелеріндегі керуеттер арасында кемінде 1 метр арақашықтықты сақтай отырып;

8) сауналар, ЅРАцентрлер, бассейндер (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), жексенбі күндері жұмыстың тоқтатылуымен.

9) діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде және нысанның толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық ұжымдық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

10) азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар (жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін),  №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;

11) азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып, жексенбі күндері жұмысын тоқтатуымен;

12) сауда үйлері мен орталықтары (толтырылуы нысанның сыйымдылығының 30% артық емес, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып, жексенбі күндері жұмысын тоқтатуымен, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазалау, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, кинотеатрларды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда;

13) азық-түлік емес дүкендер (толтырылуы нысанның сыйымдылығының 30% артық емес, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып.

14) қоғамдық тамақтану нысандарына – №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (толтырылуын  50%-дан асырмай, 50 орыннан артық емес, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей). Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету;

– фудкорт қызметіне №67 ҚР БМСД Қаулысының талаптарын сақтай отырып, тек жеткізуге және шығаруға рұқсат беру;

15) сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде);

16) спорттық-сауықтыру нысандары (фитнес орталықтар, спорт және тренажер залдары және т.б.) – алдын ала жазылу бойынша, нысанның толтырылуы 50%-дан артық емес, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде;

Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

Қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас уақытта автобустар санын арттыру, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру) №67 ҚР БМСД Қаулысының талаптарын сақтай отырып.

  1. Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына:

– респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;

– 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда, аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

– жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.

  1. БҚО Орал қаласы мен аудандардың әкімдері:

– жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысының (бұдан әрі – №68 ҚР МБСДҚ) 1-қосымшасында белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастау;

– қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

– шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар етуді;

– бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтын пайдалануды;

– шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

– InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР МБСД №67 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

– «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

– персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

– үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

– келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

– үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

– үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

– келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

– жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;

– халықты  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылауды;

– әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;

– карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды;

– COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;

– тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;

– үй карантиніндегі байланыста болғандар, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) Қағидаларын сақтау қажеттігі туралы қол қойғызу арқылы хабарлауды;

– инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

– халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді;

– COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;

– санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;

– медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.

  1. Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:

– шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;

– аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп мониторинг топтарының жұмысын жандандыру;

– расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдаймен жақын байланыс ретінде анықталған асимптоматикалық ағымы бар адамдар (тасымалдаушылар) мен айналасындағы адамдардың үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу.

  1. БҚО ішкі саясат басқармасына, БҚО Орал қаласының, аудандардың әкімдеріне:

– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

– қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

– ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы және аудандарының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті аумақтарда карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  4. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің:

  2021 жылғы 21 қаңтардағы № 2-БМСДҚ  «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту  туралы»;

2021 жылғы 28  қаңтардағы № 3-БМСДҚ «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту  туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №2-БМСД  қаулысына толықтырулар енгізу туралы»;

2021 жылғы 29 қаңтардағы  № 4-БМСДҚ «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту  туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №2- БМСДҚ қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп саналсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е. Мұстаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                         М.Арыспаев

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
86 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
150 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
385 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
867 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1245 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1146 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1604 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2220 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2385 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2392 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2443 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2448 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2061 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2927 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2981 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2975 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3588 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3556 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3547 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3523 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3683 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»