8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2021 1673 0
Қалалықтар қаперіне

«КӨШЕ САУДАСЫНА АРНАЛҒАН 100 ОРЫН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АУКЦИОНҒА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

БҚО-дағы «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 18 ақпанда «Көше саудасына арналған 100 орын» бағдарламасы аясында Орал және Ақсай қалаларында жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға (жалға алуға) аукционы басталатынын хабарлады. 


Ұтқан адамға жер учаскесі беріледі, кейін кәсіпкер сол жерге өзінің дүңгіршегін (стационарлық емес сауда сөресін) қоя алады.

Жер учаскесін басқарғаны (жалға алғаны) үшін сыйақы төлеу – 1 шаршы метрі үшін жылына 15 000-нан 17 000 теңгеге дейін.

Аукционға қатысуға өтінімді қазірден бастап беруге болады.

Ол үшін:
– аукцион өткізілетін www.gosreestr.kz порталында ЭЦҚ арқылы тіркелу қажет;
– осы жерде «Электронды сауда алаңы» бөлімінен учаскеге қажетті лотты (сауда) тауып, өтінім беру қажет.
Қажетті учаскені табу үшін сауда нөмірін енгізіп, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Учаскелердің барлық тізімін, олардың мекенжайлары мен ЛОТ (сауда) нөмірлерін профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша өтіп таба аласыз.
Сіз www.gosreestr.kz порталынан өтінімді беру туралы бейне-нұсқаулықтарды таба аласыз (Бастапқы бет-Электронды сауда алаңы-Нұсқаулықтар-Бейне-нұсқаулықтар).

Өтінім берген кезде бір учаскеге кепілді жарна – 87 510 теңге төлеу қажет.
Аукционға қатысудың басқа ережелерімен мына сілтеме бойынша өтіп таныса аласыз.

Өтінімдер Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18 ақпан сағат 8.00-ге дейін қабылданады.

Аукцион 18 ақпан күні басталады және 19 ақпан күні аяқталады.

Басталу уақыты әр учаскеде әр түрлі (ол gosreestr.kz порталындағы лот парақшасында көрсетілген).
Міндетті түрде басталу уақытын есіңізге сақтап алыңыз, өйткені аукцион болатын күні басталуына 15-20 минут қалғанда аукцион залына кіріп жеке кабинетіңізде қатысатыныңызды растауыңыз қажет (gosreestr.kz порталында).

«Көше саудасына арналған 100 орын» бағдарламасы бойынша бұдан да көбірек ақпаратты  aqjaiyq-spk.kz сайтынан, сондай-ақ +7 (702) 492-22-30 (Исадин) телефоны бойынша біле аласыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
105 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
59 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»