КОРОНАВИРУС: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ҚАЙТАДАН «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚҚА ӨТТІ
2021 жылғы 4 ақпандағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жариялаған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы жағынан қайтадан «қызыл» аймаққа өтті.
4 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы келесідей:
«қызыл» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;
«сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары;
«жасыл» аймақта – басқа аймақтар.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 280 жағдай тіркелді. Оның ішінде БҚО-да 109 жаңа жағдай анықталды.
Версия для печати
Пікір үстеу