8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Ақпан 2021 1587 0
Өзек

ОРАЛДА БІР ТӘУЛІКТЕ 240 ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

2 ақпаннан бастап  Орал қаласы аумағында  «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс- шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде сақшылар жол жүру ережелерін бұзудың 240 фактісін анықтады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша 19 хаттама толтырылса, көлік құралдарын басқару кезінде 12 жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлескені анықталды. Сонымен қатар, қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты шамадан тыс үдеткен 54 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған 20 жүргізуші, көлік құралын масаң күйде басқарған 3 жүргізуші айыппұлдарын төлейді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабына сай – жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзған 47 жаяу жүргіншіге тәртіп сақшылары хаттама толтырды, 6 көлік арнайы автотұраққа қойылды.
«Қауіпсіз жол» жедел алдн алу шарасы 7 ақпанға дейін жалғасын табады. Орал қаласы Полиция басқармасы темір тұлпар тізгініндегі жүргізушілер мен жаяу адамдардың жол ережелерін есте ұстап, тәртіп бұзбауларын сұрайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»