8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Ақпан 2021 1613 0
Өзек

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҮШ АДАМДЫ ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚҰТҚАРДЫ

Бүгін, 3 ақпан күні Оралда бес қабатты үйдің  төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

БҚО ТЖД дағдарыс жағдайында басқару басқармасына  Ақотау көшесі 24/1 мекенжайындағы пәтерден өрт шыққаны жөнінде сағат 10.18-де  хабар түскен. Өрт жұмыстарын барлау барысында 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатының пәтерінде жиһаз бен жеке заттар жанып жатқаны анықталды, жалын пәтердің 15 шаршы метр аумағын шарпып өткен.

Оқиға орнынан өрт сөндіруші-құтқарушылардың күшімен 3 адам құтқарылды, оның ішінде екеуі бала.  1 ер адам автосатының көмегімен терезеден шығарылса, 2 бала құтқарушылардың көмегімен есікті бұзу арқылы шығарылды.

Үйден 32 адам эвакуацияланды, оның жетеуі бала.

Оқиға орнында БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ психологы аталған пәтерден құтқарылған және эвакуацияланған тұрғындарға жедел психологиялық көмек көрсетті.

Өрт оқиғасы сағат 10.45-те оқшауланып, сағат 11.01-де толықтай жойылды.

Оқиға орнында жалпы 12 бірлік техника мен 35 қызметкер жұмыс атқарды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
110 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
61 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
294 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»