ЖАҢА ӘУЕЖАЙДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Орал халықаралық әуежайы ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Бұған дейін 200 адамға дейін қызмет көрсеткен терминал құрылыс жұмыстары аяқталған соң халықарылық талаптарға сай 400 қонаққа дейін қабылдауға мүмкіндік беретін болады.
Құны 6 млрд. 600 млн.-ға бағаланған халықаралық әуежәй құрылысы аяқталған соң 400 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы болмақ. Оған қоса бірнеше жұмыс орны ашылып, жүздеген маман жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
Екі қабаттан тұратын терминал екі бөлімнен тұрады және республикалық халықаралық рейстерді бір мезетте қабылдап қоймай ұшырып та жіберуге жағдай жасалады. Әрине бұл шаралар бір жылдан соң ғана жүзеге аспақ. Бүгінде 50-ге тарта жұмысшы құрылысқа қажетті дайындық шараларына кіріскен. Әуежай маңында қызу қарбалас. Техника мен жұмысшылар күн райының қолайсыздығына қарамастан тынымсыз еңбектенуде. КПО компаниясы қаржаты есебінен салынып жатқан нысан толықтай қайтадан салынады.
2019 жылы ескі терминал толықтай сүрілгендіктен, қызмет көрсету 70 адамға шақталған қосалқы ғимаратта жүзеге асырылуда. Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бірнеше күту залы ретінде дүңгіршектер пайда болды.
Естеріңізге сала кетеміз, наурыз айының 28-ші жұлдызынан бастап, қайтадан «FlyArystan» компаниясының ұшақтары «Алматы» мен «Орал» бағытына рейсті жаңғыртылады. Оған қоса «SCAT» әуе компаниясыменде жолаушылар тасымалымен шұғылдануға келіссөздер жүргізілуде.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу