8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қаңтар 2021 1893 0
Өзек

ЖҮК КӨЛІГІ ЖОЛ ЖИЕГІНЕ ТҮСІП КЕТІП, ЖОЛАУШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Құтқарушылар автокөлік жүргізушілерін көлік рөлін басқару кезінде абай болуды ескертеді. Өйткені  кейінгі кездері жолдағы оқыс оқиғалар күн санап артуда. Тіпті қайғылы жағдайлар да тіркеліп отыр. 

18 қаңтарда Орал-Атырау автожолында Ақжайық ауданы маңындағы 102 шақырымда «Ивеко» автокөлігінің жүргізушісі 1974 жылы туған азамат көлік рөліне ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткен. Автокөліктегі жолаушы алған жарақатынан трассалық-медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) келгенше оқиға орнында қайтыс болды. Трассалық-медициналық-құтқару пункті «Ивеко» автокөлігінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, 19 қаңтар түнгі сағат 3.38-де Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округіне жақын Бітік ауылының маңындағы жолда «Фольцфваген-Пассат» автокөлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде трассалық-медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) күшімен 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеді.

Төтенше жағдай туындағанда 112, 101 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
63 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»