БҚО МЕКТЕПТЕРІНДЕ КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАРҒА ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 165-бабына сәйкес бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.
«Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптарға ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша Бөрлі және Шыңғырлау аудандарынан басқа аудандардың (қаланың) білім беру бөлімдері жергілікті санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлескен түрде жұмыстар жүргізуде. Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі» делінген басқарма жолдаған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін, яғни 8 қаңтар күні онлайн қабылдау өткізген облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева ата-аналардың өтініші негізінде білім ұйымдарында ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріне хат жолданғанын мәлім еткен болатын.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу