8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қаңтар 2021 1910 0
Қоғам

«АҚЖАЙЫҚ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА

           5 қаңтар күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы, БҚОәкімінің орынбасары С.Р.Егізбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  төрағасы А.Ж.Шпекбаев және республикалық қоғам өкілдері алдында өткен жылы жобалық кеңсе атқарған жұмыстар және үстіміздегі жылдағы жұмыс жоспарларының барысы туралы бейнеконференция байланысы арқылы баяндады.

Жобалық кеңсе өткен жылы 50 мыңнан астам флаер шығарып, мекемелерге таратты. «Есіктен есікке» қағидатын іске асыру үшін коммуналдық төлемдер түбіртектеріне «Жемқорлық 1424 Хабарлас» ақпараты орналастырды.

Сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған 200-ден астам баннер орналастырып, аймақтағы ең ірі, халқы көп Ақсай қаласы, Ақжайық және Бәйтерек аудандарында да адалдыққа үндейтін муралдар салынды және жергілікті атқарушы органдармен 40 астам бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілер және жергілікті арналарда көрсетілді.

 

Агенттік төрағасы А.Ж.Шпекбаев «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі атқарған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.

Жобаның миссиясы – сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, парасаттылық қағидаттарын ілгерілету, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту болып табылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»