АНТИКОВИДТІ ПРЕПАРАТТАР БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес пен «Open Space» ашық алаңы жұмыс істей бастағаннан бері үш ай ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің облыстың түрлі тауар нарықтарына кіруіне бірқатар кедергілер анықталып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.
Атап айтқанда, коммуникациялық алаңдардағы талқылаулардың нәтижелері бойынша «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС тұлғасындағы доминант субъектісі багажды буып-түю қызметінің құнына бағаны 1 300 теңгеден 800 теңгеге дейін төмендетті. Батыс қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департаментімен келісілген комплаенс-келісімдер жасалғаннан кейін тиісті тауар нарықтары субъектілерімен антиковидті дәрілік заттардың, жеке қорғаныш құралдарының, ПТР-тесттердің бағасы төмендетілді.
Сонымен қатар, аймақтағы ең ірі дәріхана желілерінің бірі антиковидті дәрі – дәрмектердің 19 тобы бойынша бағаны 116% – ға, ал медициналық маскалар бойынша-30 теңгеден 23 теңгеге немесе 30% – ға төмендетті. Мемлекеттік медициналық ұйым ПТР-тестке бағаны 13 000 теңгеден 5 621 теңгеге дейін немесе комплаенс қорытындысына дейін қолданылатын бағадан 131% – ға төмендетті.
Версия для печати
Пікір үстеу