8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2020 1847 0
Өзек

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫН ТАРТЫП АЛҒАН

Кеше, 2020 жылғы 23 желтоқсанда, сағат 16.40 шамасында Абай полиция бөлімінің кезекші бөлімшесінің пультіне бір азамат хабарласып, бейтаныс 3 жас жігіттің ұялы телефонын физикалық күш көрсетіп, тартып алғанын айтқан. Суыт жедел мәліметті қабылдаған Орал қ.ПБ ЖПҚб ППБ инспекторлары дереу үш күдіктінің ізіне түсті.

Оқиға желісіне көз салсақ, №11-мектеп-гимназиясы қасында бейтаныс жігіттер өз жөнімен жүріп бара жатқан адамға кенеттен шабуыл жасап, ашық түрде корпусы қара түсті «Редми-нот- 8» маркілі ұялы телефонын тартып алған. Бағыттама бойынша азиат нәсілді үш жігіттің бірі қара түсті, екіншісі сұр түсті қысқы күртеше кигені туралы айтылып ал, үшіншісі туралы ешбір ақпарат болмаған. Себебі, лезде зып беріп, ізін жасырып үлгерген. Патрульдік полиция батальоны инспекторлары полиция аға лейтенанты Арман Бисенғалиев пен полиция кіші сержанты Қайсар Едіге Құрманғазы көшесі бойымен жүріп, арттарынан қуа жөнелді.

Абай Пб «Тосқауыл» операциясын іске қосып, ұрлық фактісінің ашылуына ықпал етті. Оқиға орынынан бой тасаламақ болған 3 жігіт кенеттен сүрініп кетіп күртік қарға құлайды. Екі инспектор күдіктілерді ұстап, Абай полиция бөліміне жеткізді. Полиция қызметкерлерінің алдына барған 2000 жылғы күдіктілер ұялы телефон ұрлағанын, бейтаныс тұлғадан тартып алғандарын мойындады.
Осылайша, «Мирлан» базары ауданында өз қызметтік міндеттерін бекітілген аймақтарында атқарып жүрген Арман мен Қайсар ұрлық фактісін жіті қырағылықтары нәтижесінде ашты.

Жыл басынан бері Орал қаласы аумағында 1625 ұрлық фактісі тіркелді.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»