МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ М.ОМАРҒАЛИЕВ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мақсот Омарғалиевтың 75 жылдығына орай «Ақ Жайықтың өнерін өрлеткен ер» атты естелік кітап жарыққа шықты. Жаңа кітап 23 желтоқсан күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырылған «Өнерде қалған өшпес із…» атты еске алу шарасында таныстырылып, тұсауы кесілді.

Шара театр фойесінен бастау алды. Жиналғандар алдымен Мақсот Омарғалиевтың өнері мен шығармашылығына арналған «Хас өнердің қара нары» атты көрмені тамашалады. Сонымен бірге көрмеге Мақсот Константинұлының қолданған заттары, фотосуреттері, жұмыс барысында қолданған құнды құжаттары, алғыс хаттары қойылған.
Мәдениет қайраткері туралы жазылған 220 беттен тұратын басылым Алматы қаласындағы «Арыс» баспасынан 500 данамен отбасының өз қаражатына шығарылған. Кітапқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-музыкант, режиссер Мақсот Константинұлының 1945-2017 жылдар аралығындағы өмір жолы мен өнері, жүрекжарды сөздері тұлға туралы жазылған замандастарының ыстық ықыластары мен арнау өлеңдері, естеліктер фотосуреттер енгізілген. Еске алу кітабының тұсауын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева мен жарыққа шыққан жаңа кітаптың редакторы – М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың «Рухани жаңғыру» институтының директоры, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Абат Қыдыршаев кесті.

– Еліміздің өнеріне, Ақ Жайықтың өнеріне жан-тәнімен беріліп қызмет етті. Кеше ғана замандас болған едік. Міне, өмірдің өткінші екенін, жақсының артында өкініп қана еске алатынымызды тағы бір дәлелдеп, біз бүгін Мақсотты еске алып келіп тұрмыз… «Азия дауысы» басталды. Арамыз азғантай болса да бізді «апа-жезде» дейтін Мақсот. «Азия дауысына» М.Сарбөпеев деген баламыз барады. Ештеңесі жазылмай қалды, дайын болмай қалды. Апа-жезде, көмектесіңдер» деп хабарласты. Әйтеуір таланттарды қолдау үшін күйіп-пісіп жүретін. Менің көз алдымда Мақсот. Амал не? «Жақсы адам жаратқанға да керек» деп жұбанамыз. Бірақ, оның ізі қалды, Ақ Жайықтың өнерінде ізі қалды. Ол өнерге азаматтықпен қызмет етті. Сыйлы болды. Таланттарға қанатының ұшымен су сепкендей қайырымды болды. Қорғап, аялай білді. Ол концерттің өтуіне толықтай жауапты еді. Мінекей, Мақсот осындай адам. Халық дейтін жақсыны ұмытпайтын «ғажайып» қоғам бар. Сол ғажайып кімнің қандай екенін бағалай біледі. Мақсот – кез келген ән салып, домбыра ұстайтын жастар үшін өнер тарихын ақтарғанда ұмтылатын биігі, ақсақалы, ағасы болып қала береді, – деген Ақұштап ақын кітап шығарып, әке рухын асқақтатқан Бауыржан Мақсотұлының қолын алып, батасын берді. Сондай-ақ Ақұштап Бақтыгерейқызы кітаптың өнер саласы бойынша білім алып жүрген студенттерді оқытуда қолданылуын және университетте Мақсот Омарғалиевтың кабинеті ашылуы қажетттігін жеткізді.
Кітаптың редакторы Абат Қыдыршаев өнерді дамытуға ұланғайыр үлес қосқан азамат туралы еңбектің шығуы елді рухани жаңғыртатын бірегей мәдени жаңалықтың алтын үзігі деп атады.
– Естелік жинағының ішіндегі жазбада жазушы Ш.Мұртазаның «Ай мен Жұлдыз болмаса, адамдар қараңғы түнде адасар еді. Өнер саласының дүлділдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді» деген сөзі келтірілген. Өте орынды түйін деп санаймын. Осы кітаптың редакторы ретінде әр қазақ, орыс тілдеріндегі еңбектерді оқығанда аңғарғанымыз – Мақсот ағамыз шын мәнінде мына қысқа ғұмырда төңірегінде тұлғалардың көңілін кір баспасын деп тер төге еңбек еткен екен. Осындай тұлға жөніндегі еңбекті жинақтап шығарған Мақсот ағамыздың жары – Шолпан Қуанышқалиқызына үлкен алғысымызды айтуымыз керек. Шын мәнінде, Мақсот ағамыз өнеге болған болса, ерекше ұстаз болған болса, ендеше осы еңбекті оқу арқылы рух алайық, өнеге алайық, тағзым етейік. Бірге оқиық және жақсы үрдісті кейінгі буынға жалғастырайық, – деді Абат Сатыбайұлы.

Мәдениет саласының ардагері Светлана Анищенко Мақсот Константинұлының жарқын келбеті туралы естелік айтып, өңірдің мәдениетін дамытуға қатысқан үлесі туралы кейінгі буынның білуі үшін оқу орындарында сабақ жүргізілуі қажеттігін айтты. Ақын, Мәдениет саласының үздігі Сағынтай Бисенғалиев Мақсот Омарғалиевке арнаған өлеңін оқыды.
Тұсаукесерден соң жаңа кітап шараға жиналғандарға ұсынылды, ал 100 данасы облыс кітапханаларына таратылмақ. Сондай-ақ көрмеге қойылған Мақсот Омарғалиевтың көзі тірісінде тұтынған заттарын жары Шолпан Қуанышқалиқызы облыстық тарихи-өлкетану музейіне ресми түрде тапсырды.

Шара Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Сондай-ақ бұл күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мақсот Омарғалиевтың көзі тірісінде отбасымен тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу