8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Желтоқсан 2020 1455 0
Өзек

ӘЙЕЛІН КЕПІЛГЕ АЛҒАН АЗАМАТҚА ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Өз әйелін кепілдікке алған Ерлан Исламғалиевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырылды. Ол өмірінің 13 жылын тар қапаста өткізетін болады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот алқасы істі апелляциялық тәртіпте қарап үкімді өзгеріссіз қалдыруды шешкен. Сот алқасы тараптардың барлық дәлелдерін зерттеп, Е.Исламғалиевтің кінәсі толық дәлелденген деп санады. Оның кінәсі толық анықталып, жәбірленушінің, куәлардың, сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Апелляциялық саты сонымен қатар сотталушының жазасын жеңілдететін жағдайлар жоқ екендігін және тағайындалған жаза заң талаптарына сәйкес келетіндігін атап өтті. Осыған байланысты сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өз әйелін кепілдікке алған азаматқа үкім шыққанын жазған болатынбыз. Сот үкімімен Е.Исламғалиев ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі 1, 2, 4-тармағы, 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы, 120-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, яғни азаптау, бопсалау, кепілге алу және зорлау баптарымен 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ерлан Исламғалиевтің қорғаушы бұған дейін өз қорғауындағы азаматтың кінәсін ішнәра мойындағаны және оның бұрынғы зайыбы Ираида Исламғалиеваның оқиғаны асыра сілтегенін мәлімдеген еді.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
36 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
84 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»